test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

«Француз Альянсы» ашылды

Өңір басшысы франциялық делегациямен… бұдан кейін… облыс орталығындағы іргелі оқу орнына барды. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекетттің университетінде «Француз Альянсының» ашылу салтанаты болып өтті. Бұл ұйым екі ел жастары арасындағы ынтымақтастықты арттырып, өзара білім алмасуға мүмкіндік бермек. Аталған ұйым әлемде 1883 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 800-ден астам өкілдігі бар. Осы арқылы француз тілі мен дәстүрін, мәдениетін насихаттауда. Мәдениеті озық мемлекетпен тәжірибе алмасу түстік өңірге де оң ықпалын тигізбек. Айтулы жиынға Париждегі Француз Альянсы қорының өкілі Беккер ханым арнайы қатысты. Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ халықаралық байланыстың маңыздылығына тоқталып өтті. Француз өкілдігінің ісін дөңгелетіп отырған іргелі оқу орнының ұжымына алғысын білдірді. Филипп Мартинэ — Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:  Қазақстан қай салада болмасын дамып келеді. әсіресе білім мен мәдениет саласындағы аяқ алысы қарқынды. Екі ел арасындағы мәдени-әдеби байланыстар лингвистикалық және ғылыми қарым-қатынасты нығайтуға бұл Алянстың ықпалы зор болмақ. Франция елінің мәдениетін насихаттауға зор үлес қосып жүрген Қазақстандағы әріптестерімізге алғыс білдіреміз.

Франция елшілері Қазақстанда француз тілінің дамуына үлес қосып жүрген Жансұлу Сұлтанбаеваға Француз Альянсының төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті. Халықаралық қатынасты нығайтып, тілдің дамуына септігін тигізген жандардың еңбегін жоғары бағалады. Айтып өтейік, Франциядан келген мәртебелі меймандар ішінде суретшілер де бар. Олар өңірдегі көпқабатты үйлерді әрлеуге ат салыспақ. Бұдан өзге франциялық «Олимпик Лион» әйелдер  спорт командасы жергілікті «БИИК Қазығұрт» командасымен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР