test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Жылына 200 тонна қозықұйрық өндіруге қауқарлы

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Сайрам ауданындағы қозықұйрық өндіретін «АгроГреен» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Жылына 200 тонна қозықұйрық өндіруге қауқарлы кәсіпорын жылыжай түрінде жасақталған. Мұндағы құрал-жабдықтар Польша мен Голландия елдерінен сатып алынған. Осы жылы іске қосылған кәсіпорында 11 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Облыста қозықұйрық өсіруде ең алғашқы ір жоба болып табылатын ферманың жұмысымен танысқан аймақ басшысы кәсіпкердің жұмысына ризашылығын білдірді. «Бүгінгі күнге аталған өнім түрі шетелден (Польшадан) Қазақстанға жылына 280 тонна көлемінде импортталуда. «Agro Greens» ЖШС-і толық қуаттылықта жұмысқа қосылған жағдайда еліміздің ішкі нарығын толық қамтамасыз етіп, артылған өнімін шетелге экспорттауға мүмкіншілігі бар. Бүгінгі таңда жобаны толық қуаттылыққа шығару үшін айналым қаражатқа 30 млн.теңге көлемінде «Оңтүстік» АИО арқылы несиелік қаржы бөлініп отыр»,-деді әкім. Бұдан бөлек, Ж.Түймебаев аталған жоба отандық «Ноу-хау»  сауда-саттық тауары бола алатын және бәсекелі болу үшін пайдалануға болатын ерекше технологиямен жүзеге асырылып отырғанын атап өтті. Серіктестік өсірген өнімін Қарағанды, Алматы, Шымкент қалаларына өткізуде. Кәсіпорын басшысы Феруза Каримовның айтуынша, жобаға бас-аяғы 572 млн 500 мың теңге жұмсалыпты. Қозықұйрықтың А15 сортын өсіріп шығаратын ферма тұқымды Голландия елінен әкеледі. Фермада көлемі 280 шаршы метр болатын 12 камера бар. Мұнда егілген қозықұйрық үш айда дайын болады. Яғни, шаруалар жылына 4 рет өнім егіп ала алады. Мұнан соң облыс әкімі Ақсукент ауылында орналасқан «Бірлік -4» ЖШС-де жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барасымен танысты. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын жобаның жалпы құны 2016,7 млн теңге. Оның 350 млн теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында алған. Кәсіпорын 2018 жылдың шілде айында іске қосылады деп күтілуде. Жоба қуаттылығы 1,2 млн банка көкөніс консервілеу және 40 мың тонна көкөніс сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Қазір мұнда консервілеу цехының құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтарға тапсырыс беріліп қойған. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын 8 дана қойма құрылысын салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда сиымдылығы 5 мың тонналық 1 қойма іске қосылған. Басқа қоймалардың құрылысы аяқталу сатысында. Барлық қоймалардың жалпы сиымдылығы 40 мың тоннаны құрайды. Жұмыстың барысымен қаныққан облыс әкімі аграрлы аймақ үшін мұндай қоймалардың аса қажет екенін атап өтті.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР