22-05-2021
29.3 C
Шымкент

Бүгін халықаралық медбикелер күні

«Медициналық мекемелердегі барлық жұмыстың 80%-дан астамы мейіргерлердің мойнында.

Олар күн сайын 24 сағат пациенттерге қамқорлық жасайды – инфузия қояды, таңғышты ауыстырады, қысымды өлшейді, температурасы мен жалпы жағдайын бақылайды, ауыр науқастарды емдейді. Олардың қамқор қолдары мен мейірімді жүрегі науқастарға операциядан кейінгі алғашқы қадамдарды жасауға, ауруларды емдеуге, өз күшіне сенуге көмектеседі. Бүгінде Қазақстанда мейіргерлердің тұтас әскері еңбек етуде. Орта медициналық қызметкерлердің кадрлық әлеуеті 185,7 мыңнан астам маманнан тұрады, оның ішінде 2 мың мейіргердің жоғары білімі бар. Ауылдық жерлерде 54 мыңнан астам орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді», делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша тағы да 3 мыңға жуық қолданбалы ғылымдар бакалаврларын шығаруға дайындалып, олар ең игі мамандықтың қатарын толықтырады. Қ»ұрметті мейіргерлер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шынайылық пен мейірімділік, шыдамдылық пен адалдық, ұқыптылық, жауапкершілік және жоғары кәсібилік қабілеттеріңіз үшін рахмет! Біз пандемия кезеңіндегі сіздің еңбегіңіз үшін, әрбір науқастың өмірі үшін жанқиярлықпен күрескеніңіз, өз денсаулығыңызды аямай, туыстарыңыздан бөлек үлкен физикалық және моральдық ауыртпалықтарды иығыңызға көтергеніңіз үшін ерекше ризамыз. Отбасыларыңызға бақыт пен амандық, денсаулық, шыдамдылық және пандемияның барлық қиындықтарын жеңуге күш қуат тілейміз! Баға жетпес жұмысыңыз үшін сізге тағзым етеміз!», делінген хабарламада.

https://www.inform.kz/kz

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР