31-03-2022
12.3 C
Шымкент

КЕЛЕСТІК ШАРУА 50 МЫҢ ДАНА ҚҰЛПЫНАЙ КӨШЕТІН ӨСІРУДЕ

Түркістан облысы Келес ауданында диқаншы Тұрлыбек Жоланов құлпынай өсіруде. Жалпы аумағы 1 гектар жерге егілген 50 мың дана құлпынай көшеті мамыр айында өнім бере бастайды. Шаруа егін алқабында тамшылатып суару әдісін қолдануда.
«Тамшылатып суарудың тиімділігі жоғары. Мәселен, ашық алқапқа еккен егінімізге кететін ағын су 95%-ға дейін үнемделетініне көзім жетті. Жартылай суармалы жерге шағын су қоймасын салдым. Егістікке қажетті мөлшердегі суды арнайы құрылғы көмегімен жақын маңдағы каналдан алудамыз» — дейді Т. Жоланов.
Диқан өткен жылы да бақша өнімдерін егіп, 560 тонна өнім өндірген. Қожалық иелігіндегі 16 гектар жерге егілген бақшаның әр гектарынан 350 центнерден өнім жиналған. Осылайша ол жыл қорытындысымен — аудандағы «Озат бақша өндіруші» атанған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР