Шымкентте автобусты қараусыз қалдырып, бес адамның өліміне себепші болған жүргізушіге қатысты сот басталды. Бес айға созылған тергеуден кейінгі сот талқылауына марқұмның ата-аналары мен жақындары толық қатысты. Олар автобусты жол бойында қалдырған жүргізуші лайықты жазасын алсын дейді. Әрі ақауы бар көлікті бағытқа шығарған автобус паркін де кінәлап отыр. Айта кетейік, 24 жыл қоғамдық көлік айдаған азамат далаға шығып кеткен сәтте автобус жүріп кетіп, жол жиегінде тұрған алты жолаушыны қағып өткен болатын.
Басқарусыз қалған автобус апаты кезінде жалғыз перзентімнен айырылдым деген Алтынай Тұңғатаева үшін сол сәтті еске алудың өзі ауыр. Алғашқы сот отырысының өзіне ауруханадан келген ол марқұм Азадхан Отапуллаеваның анасы. 28 жастағы жалғыз қызымды ұзату арманым еді деген кейуана енді оның сол күйі орындалмайтынын айтып жылады.
АЛТЫНАЙ ТҰҢҒАТАЕВА, марқұм Азадхан Отаппулаеваның анасы:
«Мен бұл жерде шофердің кінәсі деп ойлаймын. Рычагын қойып сөйту керек қой. Адам сияқты. Жазықсыз қызым кетті. Асыраушым. Барым да еді. Қатаң жазасын алсын. Бес адамның қаны кетіп отыр ғой. Шофер жазықсыз дегенге сенбеймін.
Азадханмен бірге жолдан 5 баланың анасы Азиза Егізбаева, 24 жастағы Айсана Тұрғынбаева, 9-сынып оқушысы Алина Жолдасбек, 10-сынып оқушысы Танила Теңгебаева мен құрбысы Дариға Сейдалиева да өтпек болған. Олардың арасында тек 11 сынып оқушысы Дариға ғана аман қалды. Қара жамылған бес әулеттің мүшелері апатқа автобус паркінің де айыбы бар дейді.
ӘБДІРАЙЫМ АЛТЫНБЕКҰЛЫ, Марқұм Айсана Тұрымбетованың ағасы:
«Бес адамның өмірі кетіп отыр ғой. Екі қыз оқушы ғой әлі. Ойбай-ау, оқушы ғой әлі. Он күнде бір гүлі ашылмады»+»Жаңадан келген автобус дейді. Жаңадан келген автобусты тексеріп шығады ғой. Неге оны олар қарамайды? Бір күнде азаннан кешке дейін машина бұзылып қалмайды. Яғни ол ақауы бар.
НАЗЕРКЕ ҮКІБАСОВА, тілші:
– Еске салайық, 6 сәуір күні Шымкентте жол бойында басқарусыз қалған қоғамдық көлік жүріп кетіп, жолдан өткелі тұрған 6 адамды қаққан еді. Сол кезде дәретханаға кеткен жүргізушінің үстінен Қылмыстық кодекстің 345, яғни «Абайсызда екі немесе одан көп адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабы бойынша іс қозғалды. Хайрулла Юлдашев бүгін сот отырысында өз кінәсін мойындады. Ал 49 жастағы сотталушының қорғаушысы көлікте техникалық ақау да болуы мүмкін дейді.
БАҚЫТЖАН САТЫБАЛДИЕВ, сотталушының адвокаты:
– Автобус күні бойы жүргенде тормозной колоткілері істемей қалуы мүмкін. Қызған салдарынан»+ «Қазіргі таңда жәбірленушінің тарапы айтып отыр. Автопарк басшысы бізге келіп кешірім сұрап 5 миллион берді. Әрқайсымызға. Біз ешқандай шағым жоқ. Моральдық, материалдық ущерб бәрі берілді деп отыр. Егер автопарк кінәлі болмаса, 5 миллион не үшін береді?
НАЗЕРКЕ ҮКІБАСОВА, тілші:
– Енді жүргізушінің кінәсі дәлелденсе 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Айта кетейік, апаттан аман қалған жалғыз жәбірленуші Дариға Сейдалиева мүгедектігін дәлелдей алмай жүр. Осылай деген адвокаты сотталушыдан 6 миллион 300 мың теңге материалдық және моральдық шығын сұрады. Ал, автобус паркі қара жамылған отбасының әрқайсысына 5 миллион теңгеден берген.
Дереккөз: Информбюро