test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Полиция — қоғамның сақшысы

 

Қоғамның сақшысы саналатын полициця қызметкерлері үшін тыныштық пен қауіпсіздік басты ұғым. Қылмыс пен құқықбұзушылықты болдырмау, оның алдын алудағы атқаратын қызметі орасан. Әсіресе учаскелік полицейлер халықпен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы қылмыстық жолын кесе алады. 33

Шымкент қаласы Әл-Фараби полиция бөлімі ӘПБ-нің учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің осы жылдың бес айындағы көрсеткіштері көңілге қонымды. Әкімшілік аумақтардағы қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстың алдын алу және оның жолын кесуде біршама жұмыстар атқарылған. Осы уақыт аралығында мас халде жасалған қылмыс саны, бұрын сотты болғандар тарапынан жасалған қылмыстар саны төмендеген. Мәселен, қоғамдық орындардағы қылмыс саны 1334-тен 1273-ке, көшелерде орын алған қылмыс 904-тен 798-ге төмендеген.

Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен көшелерде, отбасы тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқықбұзушылық пен қылмыс фактілерін болдырмау, алдын алу саласында әкімшілік полиция бөлімшесімен бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселене учаскелік полиция инспекторларының жеке ізденуімен 224 қылмыс ашылған. Алайда, өткен жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға көбейіп отыр. Осы аралықта 3698 әкімшілік хаттамалар толтырылса, өндіру пайызы 64,9-ды құрап отыр.

Қоғамда қылмысты болдырмаудың жолдарын қарастырып, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу құқықбұзушылықтың алдын алуда маңызды. Учаскелік полиция инспекторлары бұл бағытта қырағылық танытып, жұмыс атқарғаны маңызды. Сондықтан, полиция қызметкерлері осы мақсатта әлі де қоғамға қызмет ететін болады.

Ербол Мырзахметов,

Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби ПБ аға инспекторы, полиция капитаны.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР