test
10-07-2024
27.3 C
Шымкент

Хан ордасы мен ескі мешіт қалпына келтірілуде

Көне Түркістан қаласының орнынан табылған екі бірдей Хан ордасы мен мешіт қайта қалпына келтіріліп жатыр. Археологтар қазба жұмыстары кезінде жерден аршып алынған қос қыстаудың бір бөлігі шашамен XVIIІ ғасырда билік құрған Әбілмәмбет ханға тиесілі дейді. туркестан

Ал екіншісі Тәуке ханның ордасы болған. Ендігі жерде ежелгі шаһарға саяхаттап барғандар тарихи орындарды тамашалап қана қоймай, хандар мен билер мінәжат еткен мешітке де бас сұға алады. Тарихи жәдігерлер сол заманның өзінде отырықшылдықтың болғанын аңғартады. Үй қабырғалары қалың, архитектуралық орналасуы да ерекше. Мәжіліс құруға арналған кең бөлмені айналдыра тандыр пеші бар шағын бөлмелер қоршаған. Ол жерде нан жабылып, тамақ пісірілген. Жерден биіктеу болып кірпішпен өрілетін сыпа арасымен түтін шығатын кен жүреді. Сол арқылы барлық бөлме жылиды. — Ал бұл бөлмеде ондай емес. Сондықтан бұған қамыстан тоқылған бойра төселген. Ши тастап, оның бетіне текемет алаша жайып, көрпе төсеп, отыра берген. Сосын шоқ салып,  бетін ағашпен жауып, аяғын қыздырған,-дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының бөлім меңгерушісі Тұяқбаев.

Топырақ астынан аршылып алынған сегіз бөлмелі ғимарат хан ордасының үштен бір бөлігі ғана екен. Мұнда ел басқарған хандар негізінен қыс мезгілінде ғана тұрақтаған. Қалада бірінші кезекте тазалыққа мән берілген дейді мамандар. Кіреберіс табалдырыққа ішіне құм толы асты ойылған құмыра көмілген. Ол судың жерге тез сіңіп кетуіне мүмкіндік береді. Осы жерден табылған Ташнаудың қақпағы мәрмәр тастан жалатылған. Құнды жәдігерге қарап, мамандар бұл хан ордасы болған деген тұжырымдама жасап отыр. Археологтардың айтуына қарағанда, бұл жер Тәуке ханның қыстың күндері ұзақтан келген елшілер мен қонақтарды қабылдайтын үлкен бөлмелерінің бірі болған. Келген қонақтар алдымен сол жақ табалдырықтағы Ташнауға қол шайып, киімдерін оң жақтағы ілгішке іліп кірген. Жоғары көтерілген қонақтарды Тәуке хан тұғырында отырып қарсы алып, оларға құрмет- қошемет көрсеткен.
Археологтардың пікірінше, көне Түркістан қаласы жалпы 14 ханның қысқы тұрағы болған. Қазба жұмыстары барысында Тәуке ханның ордасы жер қыртысының 7-қабатынан аршып алыныпты. Тарихи орынды XVII ғасырдың соңында поляк суретшісі Мессершмидт салған картаға қарап тауып алған. Ол құжатқа Тәуке ханның өзі мөрін басып растаған екен. Қос қақпалы қаланың ішінде негізгі үлкен көше болған. Жер қойнауынан аршылып алынған тағы бір тарихи құнды жәдігер — ол хан мешіті. Оның артықшылығы күмбезі біреу болғанымен, мехрабы екеу. М. Тұяқбаевтың айтуынша, бұл мешіттің орталық бөлмесі жамағат бөлмесіне қосымша жалғасып салынған масқұра бөлмесі бар. Бұл бөлме зиялы немесе өте жоғары лауазымды адамдарға арналған. Оның жеке михрабы бар, жеке имамы болған.

Жалпы көне қаланың аумағы 63 орамға бөлінген екен. Ол жерлерде кескін-келбеті бірін-бірі қайталамайтын қарапайым ұсталардан бастап қолөнер шеберлерінің орталығы болған. Ұлы жібек жолы бойындағы ең көне қаланы қайта жаңғыртып жатқан шеберлер орданың кескін-келбеті мен сәулетін өз қалпынан айнытпай жасауға тырысып жатыр. Болашақта ол жерлерге адамдардың макеті мен қыш құмыралар қойылады. Тарихи орынға саяхаттап келушілер бұл жерлерді аралап, мәлімет алып қана қоймай, бір кездері бабалары мінәжат жасаған мешітте құлшылық жасауға мүмкіндік алады, деп хабарлайды

Дерек көзі: 24кз

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР