test
03-07-2024
29.3 C
Шымкент

Кембридж университетімен телекөпір өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің  ұйытқы болуымен, «Отанға қызмет  – абыройлы міндет» атты форум аясында жас мемлекеттік қызметшілер үшін Кембридж университетімен телекөпір өткізілді,- деп хабарлайды аталған Департаменттің баспасөз қызметі. 004

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты –  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бірінші институционалды реформасы негізінде жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарлату, шетел мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу, халыққа мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға арналған мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру болып табылады.

Форумға қатысушы жас мемлекеттік қызметшілер үшін Кембридж университетінің профессоры Лаймулин Чокан, Экономикалық Лондон мектебінің магистрі ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры Ғ.Оспанқұлов  және Санкт-Петербург қаласының парламент протоколының маманы Б.Ескендирова телекөпірдің тікелей желісі арқылы дәрістер оқыды.

Дәрістің негізгі тақырыптары мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық құндылықтарын дамытуға арналды. Әсіресе, профессор Лаймулин Чокан мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында аурумен емес, оны алдын алу, тәуекелдерін анықтау бойынша біршама мәселелерге көңіл аудару қажеттігін атап өтті.

Экономикалық Лондон мектебінің магистрі Ғ.Оспанқұлов шетел мен Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілер арасындағы негізгі ерекшіліктері туралы, қызметтік әдеп-этикалық қағидаттарды сақтау бойынша талаптырының айырмашылықтары туралы бірқатар мәліметтер келтірді.

Айта кету керек, қазіргі таңда облысымызда мемлекеттік қызметшілердің саны 8229 бірлікті құрайды. Оның ішінде, 570 мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау курстарыннан өтсе, ал, 853 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырған.  

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР