Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен республика бойынша алғаш рет өңірдегі жеке кәсіпкерлердің қолдауымен «Малика» фирмасы жергілікті тұрғындарға тегін нан тарату акциясын бастады.
Бұл игілікті бастаманы Қаратау ауданына қарасты Сайрам елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Орынбай Урайымжанов қолға алып отыр. Өз сөзінде іскер азамат өңірде кәсібін өркендетіп отырған әріптестерін Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларға үн қосуға шықырды.
Айта кетерлігі, аталмыш фирма әр күні жергілікті жердегі аз қамтылатын отбасыларға 200 болке нан таратады. Бүгінде, Қаратау ауданында жалпы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 1636 адам болса, оның 36 отбасысы кедейлік шегінен төмен тұратын отбасылар.
Қуантарлығы, бұл қайрымдылық акциясы алдағы уақытта қаламыздың бірнеше аудандарында жалғасын таппақ. Мақсат—Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған кәсіпкерлердің ел игілігі үшін еңбек етуін, бұқара халыққа пайдалы іс істеуін жұртшылықа жеткізу.