Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сарыағаш ауданында «1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі аталып өтілді. Бүгін «Жеңіс саябағында» татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтілді. Іс-шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев елімізде бір үйдің баласындай, бір тонның жағасындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлысты, барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, Сарыағаш ауданындағы 6 этно-мәдени орталықтардың (өзбек, ұйғыр, тәжік, түрік, иран-әзірбайжан неміс) төрағаларын алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы мемлекетімізде өзара түсіністік пен ұстамдылықты, әр түрлі ұлт өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарауды, барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастырудың арқасында елімізде бейбітшілік орнап, үлкен жетістіктерге жетуімізде Президент Н.Ә.Назарбаевқа ерекше алғысын білдірді.І с-шара соңы түрлі ұлт өкілдерінің көтеріңкі ән мен биіне, бұқаралық спорт түрлері бойынша жарыстарға ұласты. Негізінде Сарыағаш көпұлтты аудан. Ұлтаралық келісімді басты ұстын санайды.