Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Арыс қаласына БАҚ өкілдерінің ақпараттық туры ұйымдастырылды. Журналистер тобы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай атсалысып, үлес қосып жүрген бірқатар серіктестіктерді аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Ең алдымен, тілшілер тобы Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округіндегі «Жаңа Ақдала» Агрофирмасы» ЖШС-де болып, облыста алғаш рет қолданылып отырған, Германиядан әкелінген жаңа технология жаңбырлатып суғару әдісімен 600 га егістік жерге егілетін жоңышқа алқабында болды. Мұнан соң, қаламыздағы әскери гарнизонда 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне орай «Ерлік тағлымы-урок мужество» тақырыбында жастар арасында қазақ әскерін насихаттау, аға ұрпақтың ерлігін жалғастыруға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысып, Арыс гарнизонының күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Аталған іс-шараға қала аумағындағы білім мекемелері мен колледждердің 180 студент пен оқушылар қатысты. Шара барысында әскери ойын түрлері мен техникалар таныстырылды.
Одан соң, БАҚ өкілдері әулеттің темір жол саласындағы еңбек өтілі 450 жылдан асатын теміржол саласында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып еңбек етіп келе жатқан 85 жасқа толған Жаңабай ақсақалдың отбасында болды.
Қарт теміржолшы құдай қосқан қосағы Райхан анамен бірге 7 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде байырғы теміржолшының 7 ұлы мен екі келіні және 5 немересі барлығы 17 адам атакәсіпті меңгеріп, ел экономикасына елеулі үлестерін қосуда.
Тілшілер өзекті мәселе зиянкес шегірткелерді залалсыздандыру бойынша атқарылып отырған жұмыстардың барысымен танысты.
Арыс қаласының еншісіндегі 56,3 мың гектар жерге шегірткеге қарсы дәрілер себілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарға зиянкестерге дәрі шашатын 2 ұшақ пен дәрі шашатын қондырғылармен жабдықталған 4-трактор, 6-ГАЗ-66 жүк көлігі, 9-уазик, барлығы 21 техника мен 100-ге жуық адам жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде.
Мұнан кейін журналистер тобы Байырқұм ауылдық округіндегі «Байырқұм-Агро» ЖШС-нің қаракөл қой шаруашылығының жұмысымен танысты. Бүгінде жеке кәсіпкер Фархат Әбдірашұлы өз қаражат есебінен Өзбекстан Республикасынан 2000 бас қаракөл тұқымын әкеліп, өсіруде. Жыл соңына дейін қой басын 20000 басқа жеткізу көзделген. Келер жылдан бастап, қаракөл елтірісін жақын және алыс шет елдерге экспорттау үшін қазіргі таңда келіссөздер жүргізіліп, Италия мемлекетімен келісім-шарт түзіліп, жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Ақпараттық турға қатысқан БАҚ өкілдері атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын таба беретін болады.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі