test
04-07-2024
27.3 C
Шымкент

ЭКСПО-ға қолдау көрсетуде

Биыл ел үшін маңызды оқиға – халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне қылқалам шеберлері де қолдау көрсетуде. Облыстық мәдениет басқармасы ауқымды шара қарсаңында белгілі суретші-кескіндемеші Берік Сабаевтың көрмесін ұйымдастыруға ықпал етті. Қазақ бейнелеу өнері кескіндеме, мүсіндеме, сәндік қолданбалы өнер түрлерімен салмақты. Ұлттық дүниетанымға негізделген көркемөнер биігінде өзіндік шоқтығы биік Б. Сабаев  биыл 70 жасқа толып отыр. Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі бұл тақырыпта талай туындыға жан бітірген.

Әнуар Айдосов – ҚР Мәдениет және өнер қайраткері: —Кескіндемеші — қазаққа кенже келген өнер. Кескіндеме тарам-тарамға бөлінеді. Реалдық бағытта, авангардтық бағытта. Бұл — реалдық бағытта жұмыс істейтін кісі. Жұмыстарын байқап отырсаңыз, туған жер, өскен ортасы. Осыны нақ байқауға болады. Бұл кісінің жұмыстары келешектегі өсіп келе жатқан суретшілерге өзінің әсерін тигізеді деген ойдамыз.

Бейнелеу өнеріне суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Әсіресе, ауыл тақырыбы көптеген суретшілердің назарында болды. Берік Сабаевтың да осы тұрғыдағы туындылары көп. Оның тарихи-тақырыптық шығармалары да – қазақ өнерінің өшпес, өлмес мұрасы.

-Маған ұнағаны — табиғатты керемет бейнелеу. Көп нәрсесі ұнап отыр. Елді, ауылды есіме түсіріп отыр. Табиғатты көз алдыма әкеліп отыр. Бұл суретшінің көркемдік деңгейінің жоғарылығы, кереметтігі ғой. Қандай әдемі суреттерді көріп, таң қалып келе жатырмын. Тамаша суреттер әдемі бейнеленген. Шебер шыққан,-дейді шымкенттік Е.Көшербай. Белгілі суретші Берік Әсілбекұлының жасы жетпіске келсе де қылқаламын қолынан тастаған емес. Қайта бұрынғыдан да ашыла түскен. Бұл – өнер сүйген  жанның үлкен ізденісі.

С.Құттыбайұлы                      

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР