test
08-07-2024
31.3 C
Шымкент

Жылына бес мың тонна көкөніс өндіреді

ОҚО Ордабасы ауданы Шұбар ауылындағы жеке кәсіпкер Мейірбек Шынабайдың фермерлік жылыжайы 2016 жылы іске қосылған болатын.  1,3 гектарға орналасқан жылыжайда қызанақ өсіріледі, мұнда 7 азамат жұмыспен қамтылған. Өнімдерінің дені облыс орталығы мен ауданның сауда орындарына өткізіледі. Кәсіпкер жылыжайды іске қосу үшін 30 млн. теңге қаржы жұмсалғанын атап өтті. 2016 жылы жылыжайлар қосымша 7,3 гектарға салынып, аудан бойынша жылыжай саны 84-ке жетті, бұл құрылымдар 68,45 гектарға орналасқан. Жылына 5000 тоннаға жуық көкөніс өнімдері жиналады. 2017 жылы бұл көрсеткішті тағы 15 гектармен толықтыру көзделген.                                                                                                                                        Айта кетейік, Елбасы өз Жолдауында  «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс.Сонымен қатар, астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз» — деген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР