«АСТАНА ЭКСПО — 2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында «Самарқан-Астана-Нұрлы жол» жүрдек пойызы жолға шықты. №452-ші бағыт енді екі ел арасындағы байланысты нығайтады деген үміт бар. Өзбекстаннан алғаш рет Астанаға жол тартқан пойыз бүгін Шымкент темір жол вокзалына келіп аялдады. Қос мемлекеттің туризм саласын жаңа сатыға көтеретін пойыз жолаушыларын біздің түсірілім топ та күтіп алды. Барыс – келісті барынша жақсарта түседі деген бұл пойыз Астана мен Самарқан арасындағы жолды 38 сағатта жүріп өтеді. Жолақы құны — 28 мың теңге көлемінде. Әзірге аптасына бір рет қатынайды. Жол бойы — Сарыағашта 1 сағаттан аса, ал, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығына 20 минут аялдайды. Жолаушыларға ескерте кететін жағдай: егер Өзбекстанға өтуіңіз керек болса, халықаралық төлқұжаттың болуы міндетті. Нұрлан Байғұт – Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы «Жалпы бұл жолдың ұзындығы 2 мың шаршы шақырымды құрайды. Әзірге аптасына бір рет қатынайды.Бүгін Самарқаннан шықса жексенбі күні Астанаға жетеді. Кейін Астанадан Самарқанға қатынайды».Негізінде бұл бағытты шығару туралы шешім екі ел басшыларының осы жылдың көктеміндегі кездесулері кезінде қолдау тапқан. Енді бұл бағыт арқылы бауырлас мемлекеттер азаматтары байланысын нығайтпақ. Жүрдек пойыз «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі көрерменінің де іздегеніне сұраған болып отыр. Нияз Сулейманов — №452 «Самарқан-Астана» жүрдек пойызының бастығы: «Самарқан-Астана бағындағы бұл пйыздың ашылғанына бізде қуаныштымыз. Алдағы уақытта екі ел арасындағы байланыс беки түседі деген сеніміміз бар. Енді бұйыртса іздер осы пойыздың жолаушысы болып сіздерде Өзбекстанға келіңіздер». Айтпақшы, оңтүстіктің жолаушылары да Шымкент теміржол вокзалы арқылы осы пойыздың жолаушысы атана алады.
МАҚСҰТ Жарылқасын