Мақтааралда жылына 72 мың дана қозапая тақтасын дайындайтын цехта, бүгінде 29 адам жұмыс жасайды.Өндіріс орны 1 тонна қозапая үшін 3500 теңге сатып алады екен. Ал, 1 тонна ДСП дайындауға 100 мың теңге жұмсайтын көрінеді. Ал жиһаз зауытына 200 миллион теңге инвестиция құйылған. Жылына 5 мың жұп жиынтық жиһаз құрастыратын цехта 40 адам жұмыспен қамтылған. Жал¬пы, зауыттың осы салаға салған қар¬жы¬сы 545 миллион теңге. Қозапая экологиялық жағынан таза өнім болғандықтан қазірден іскерлік байланысқа түсуге ниетті мемлекеттер баршылық. Зауыт құрылтайшысы олардың қатарында Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерін атады. Өнімнің 94 пайызы қазақстандық болса, әзірге 30 пайызы экспортқа жартылай шикізат есебінде шығады. Отандық кәсіпорын толық мәнінде жұмыс жасауы үшін оған мемлекеттік қамқорлық керек. Мектеп¬ке парта, балабақша үйіне үстел, орын¬дықтар, мекемелерге офистік жиһаздар шығарып жатқан зауыттың өнімдерін ең алдымен тиісті салалар қолдауы қажет. Мұнда тұрғын үй жиһаздары да жасалып жатыр. Яғни, алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.