17-04-2024
22.3 C
Шымкент

Мерекеде «Ладушки» ерлерді сынады

Асханада ерлер қызмет ететін күн. Асыл арулардың мерекесіне орай, «Отырар» телеарнасының кіл жігіттері тағам дайындады. «Ладушки» кондитерлік желісі ұйымдастырған байқауда арнамыздың 5 азаматы бақ сынасып, нәзік жандылардың жүрегіне жол таппақ болды.

«Сүйіктіме таңғы ас». «Ладушки» сауда желісі ерлердің арасында ұйымдастырған байқау осылай аталды. Хас аспаз атағына телеарнаның 5 қызметкері, Руслан Балабеков, Сергей Павленко, Данияр Құдайбергенов, Бахром Абдуллаев және Ринат Хамидулиндер таласты.

Аспаздық байқау жаңадан отау құрғандар жігіттерге оңай болған жоқ. Өйткені, қарсыластары мықты. Тағам дайындауға тәжірибесі жетеді. Десе де, арнамыздың техникалық қызметкері Руслан Балабеков намысты қолдан бермеуге тырысты.

Бұл күні тәтті нан да безендірілді. Бәліштер де дайындалды. Тіпті, жұбайының көңілінен шығар таңғы асты дайындауға да көңіл бөлінді. Алайда, ең қызықты «Ойлан, тап» кезеңі болды дейді қатысушылар.

Сөйтіп, 4 кезең де аяқталды. Аспаздық жарысының жеңімпазы болып телеарнамыздың редакторы Сергей Павленко аталды. Осылайша «Ладушкидің» басты сыйы — тәтті нан бас аспазға бұйырды.

Қалған қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ. Оларға «Ладушкидің» ынталандыру сыйлықтары тарту етілді. Жобаның толық теленұсқасын 8 наурыз күні сағат 12:00-де және 21:15-те «Сүйіктіме таңғы ас» бағдарламасынан көре аласыздер.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР