Ересектер арасында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен Азия чемпионатына қатысып, алтыннан алқа тағынған жерлесіміз Гауһар Тұрмаханова еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, мерейімізді үстем етті.
Самбо күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормасын орындап, жаттықтырушылары Нұржан Пердебеков пен Құралбай Орынбасардың сенімін ақтап шықты. Былтыр ғана Болгарияда өткен жастар арасында әлем чемпионатында алтынға қол жеткізген Гауһар кеше туған жеріне оралды. Аудан әкімі Б.Сыздықов Азия чемпионына алғысын айтып, мұнан да үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектестігін білдіре отырып, сый-құрмет көрсетті. Гауһар Тұрмаханованың ата-анасы Ғалымжан мен Нұрсұлудың қуанышты күндері әлі алда деп сенеміз. Жарайсың, Гауһар!
«Отырар-ақпарат».