16 қазан. Бұл күн БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының құрылған күніне орай, 1979 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты — әлемдегі аштық және кедейлік мәселесін шешу.
БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы 1945 жылдың 16 қазанында құрылған. Аталған халықаралық ұйым ауылшаруашылығын дамыту және әртүрлі аумақтардағы ауылшаруашылығының даму мәселелерін шешуді қолға алған. Бүгінде ұйымға 190-нан астам мемлекет мүше.
БҰҰ-ның Бас хатшысының 2005 жылғы Бүкіләлемдік азық-түлік күніндегі сөйлеген сөзінде «азық-түлік жетіспеушілігі білінбегенімен, әлем бойынша 850 млн. адам аш, бұл мәселені қолға алып аштық пен кедейшіліктен азап шегуші халықтың санын екі есеге төмендетуді қолға алуымыз қажет», — деген болатын.
Жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін Бүкіләлемдік азық-түлік күні халық санасына әлемдегі аштық пен азық-түлік жетіспеушілігінің қандай деңгейде екендігін жеткізуді көздейді.