Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2013 жылғы 20 тамыздан бастап 20 қазанға дейін«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының аясында Шымкент қ. салынады деп жоспарланған көппәтерлі тұрғын үйлерден «таза» әрленген 1 ш.метрі 90 000 теңге тұратын пәтерлерді сатып алушылар мен жалдаушылар пулдарына қатысуға өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды:
1) «Нұрсәт» ықшамауданындағы 9 қабатты 108 пәтерлік № В-1 тұрғын үйіндегі 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер, оның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырылатыны – 108 пәтер. Құрылыс аяқталатын мерзім: 2014 жылдың қараша айы. Пайдалануға берілетін мерзім: 2014 жылдың желтоқсан айы.
2) «Нұрсәт» ықшамауданындағы 9 қабатты 324 пәтерлік № В-2 тұрғын үйіндегі 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер, оның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырылатыны – 324 пәтер. Құрылыс аяқталатын мерзім: 2014 жылдың қараша айы. Пайдалануға берілетін мерзім: 2014 жылдың желтоқсан айы.
2) «Нұрсәт» ықшамауданындағы 5 қабатты 35 пәтерлік № 15 тұрғын үйдегі 2, 3 бөлмелі пәтерлер, оның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырылатыны – 35 пәтер. Құрылыс аяқталатын мерзім: 2014 жылдың қараша айы. Пайдалануға берілетін мерзім: 2014 жылдың желтоқсан айы.
Құрылыс нысандары бойынша толық ақпарат алып, өтініш беруге болатын мекенжай: Оңтүстік Қазақстан обл., Шымкент қ., Қонаев даңғ., 13 үй, тел.: 8 (7252) 21-33-62, 21-32-45. Факс 8 (7252) 21-38-58.
Өтініш тек Банк салымшыларынан қабылданады.
Көрсетілген мекенжай бойынша Банк филиалында не Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу» бөлімінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар мен жалдаушылар пулдарын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысып, ғимараттардың қасбеті мен пәтерлердің жоспарын көруге болады.
Өтінімдер қабылдау мерзімін ұзарту/қосымша іріктеу жарияланған кезде ақпарат Банктің интернет ресурсына және Банк филиалдарының операциялық залдарындағы ақпараттық стендіге орналастырылатын болады.