Сәрсенбінің сәтті күні Арыс қаласы әкімінің бастамасымен, Жанар Байғұттиева атындағы өнер мектебі мен «арыс толқындары телеарнасы ұйымдастарыған «Шырқалсын Арыс әндері»» атты байқауы үлкен деңгейде өтті. Оған 22 үміткер қатысты. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Арыс қаласының 55 жылдығына орай өткізілген осынау ауқымды іс-шаранаың мақсаты — әнші, сазгер, ақын, музыка, әнді өңдеуші және тағы да басқа өнерпаздарды ел алдына шығарып, таныстыру еді. Бұл мақсат орындалды да.
Көреген де дана қазақ «ішкен адам оны қазған адамға, талды көлеңкелеген адам оны еккен адамға алғысын айтады»,- деген сөзді ұрпағына мирас етіп қалдырған. Бабалардан қалган осынау аманаттың астарында зеңгір көктей кеңістік жеті қабат жердің тұңғиығы, мұхиттай тередік жатыр. Ал, «Ел іші — өнер кеніші», «Бұлақ көрең, көзін аш» деген сөз мәйегін де де осы атам қазақ айтқан. Бұл ретте, жоғарыда айтып өткеніміздей, қаламыздың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік- экономикалық, мәдени дамуына, туған өлкеміздің ыстығына күйіп, суығына тоңған, киелі де қасиетті Арыс өңірінің гүлденуіне үлкен үлес қосып жүрген аптал азаматтарымыздың бар екенін мақтаныш етеміз.
Әлқисса, «Тоқсан ауыз сөздің түйіні», «Мыңнан — тұлпар, жүзден жүйрік» деген сөз бар. Қазылар алқасының ұйғарымымен бас жүлдені белгілі әнші Ш.Сарыпбекова жеңіп алса, І-орынды С.Меңдіқұлова, екі ІІ-орынды Ж.Искенова мен Қ.Серімбетов, екі ІІІ –орынды Б.Жайшібеков пен Қ.Жұмабаев иемденді.