4 және 7 қараша аралығында Лондонда World Travel Market (WTM) Бүкіләлемдік туристік көрмесі өтіп жатыр. Аталған іс-шара 184 ел мен өңірлерден 5000 астам қатысушыларды еліктіруде. Аталған іс-шара аясында Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің таныстырылымы өткізілді.
Биылғы жылы Қазақстан атынан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, сонымен қатар түрлі туристік фирмалардан құралған делегация өкілдік етеді. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ алғаш рет қатысады. Көрме кезінде мүдделі тұлғалармен туристік индустрияға қатысушылармен диалогты жөнге салу үшін келіссөздер жүргізу жоспарлануда.
WTM-ге қатысу тек Астана қ. мен ЭКСПО-2017 танымалдылығын көтеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, сондай-ақ Қазақстан Республикасы туризмін шетелде одан әрі дәріптеу үшін әлемдік туристік компаниялармен ынтымақтастықты орнатуға жәрдем береді. ЭКСПО көрмесі елдің басты туристік назар аударарлық нысандарының бірі болады. Шетелдік туристерді тарту мақсатында түрлі мақсатты топтар үшін арнайы турпакеттер әзірленетін болады. WTM-ге келушілер ЭКСПО-2017 көрмесі сияқты оқиғаның маңыздылығын атап өтті. Мирослав Рончак (Германия): «ЭКСПО-207 Қазақстанға туризмнің кең ағымын еліктіреді және елдің дамуын көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ одан әрі дамудың көзі бола алады». Сол уақытта көрменің итальяндық қонақтары да 2015 жылы ЭКСПО-ны өткізетін Милан мен Астана арасындағы ынтымақтастықтың тиімді жақтары жөнінде өз пікірлерін айтты.