Облысымызда үлкен ауқымдағы бизнес іс-шараларды өткізуге арналған жаңа кәсіби платформа— «Шымкент» конгресс орталығы ашылды. Аталған іс-шараға ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Әлтаев, Шымкент қаласының әкімі орынбасары Гүлжан Кұрманбекова, «Шымкент» конгресс орталығының директоры Сания Усабекова, облыстағы екінші деңгейлі банктер, қаржы институттарының басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.
Бұл орталықта 600, 80 және 30 адамға арналған 3 конгресс-зал, синхронды аудармаға арналған 2 бөлме, 500 адамға арналған гардероб, паркинг, кофе үзілістерін өткізуге арналған жайлар қарастырылып, WI-FI мен түрлі техникалық құралдармен жабдықталған . ОҚО Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Нұржан Әлтаев: «Біз форум,түрлі іс-шаралар өткізетін кезде ғимарат таба алмай, тойханалардың залын сұрап жүретінбіз. Сондықтан бұл ғимараттың ашылғаны кәспкерлер үшін өте маңызды деп ойлаймын. Алдағы уақытта бұл орталыққа сұраныс өте көп болады» — дейді.
Әйгерім Бегімбет.