ОҚО-да Тәуелсіздік мерекесі аталып өткенше шырша орнатылмайды. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов жыл сайын 16 желтоқсан − Тәуелсіздік күні мерекесі өткенге дейін облыс аумағында жаңа жылдық шырша орнатпау туралы аудан, қала әкімдері мен мемлекеттік мекеме, ұйым басшыларына тапсырма берді,- делінген облыс әкімінің баспасөз хабарламасында.
«Өткен жылы да дәл осылай тапсырма беріп, жаңа жылдық безендірулер мен шыршалар орнату тек 18-19 желтоқсан күндерінен ары қарай басталған еді», — деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.