test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Шымкентте екі зауыт іске қосылды

Бұл туралы облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның бірі, Шымкент қаласы «Отау Строй» ЖШС-ның металл конструкцияларын шығаратын зауыты. Жобаның құны 543,6 млн. тг. Жоспарлық қуаттылығы — жылына 3000 тонн. Жоба бойынша 22 жаңа жұмыс орны ашылған. Негізгі шығаратын тауарлар — фермалар, балкалар және колонналар. Өндірісте өңірде бұрын-соңды болмаған заманауи технологиялық жабдықтар қолданылуда.

Жобаны ойдағыдай жүзеге асыру мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылған және алынған несие бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидияланған.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған екінші жоба да Шымкент қаласында іске асырылуда. Ол «Алтын Тастақ» ЖШС-ның газсиликатбетон шығаратын зауыты. Жобаның құны 366,0 млн. тг. және 26 жаңа жұмыс орны құрылған.

Жобаны нәтижелі іске асыру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 37,5 млн. теңгеге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылған.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында іске қосылып жатқан қос жобаның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қатысып, жобалардың маңыздылығын атап өтті. Сапарбек Құрақбайұлы облысымызда индустриаландыру бағыты бойынша көптеген жобалардың нәтижелі аяқталып жатқанын жеткізді.

Жобалардың іске қосылуы импорталмастыруға және ішкі нарықты сапалы отандық тауарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы, ОҚО-да Индустрияландыру картасы шеңберінде 150 жоба жүзеге асырылуда (447,9 млрд. тг, 19 100 ж.ж.о). Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз өңірлер арасында 1-орында. ИК жобалары барлық аудан, қалаларды қамтыған. Жобалардың 65% ауылдық жерлерде орналасқан.

2013 жылдың күзгі өзектендіру барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен мақұлданған жалпы 79 жобаның 21-і ОҚО-на тиесілі. Олардың жалпы құны 250,8 млрд. теңге және 2,3 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР