19-04-2022
17.3 C
Шымкент

Шымкентте жұмыссыздар азайып келеді

Облыс әкімі А.Мырзахметов «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының Шымкент қаласында орындалуы туралы қала басшысы Д.Сатыбалдының есебін тыңдады.
Шымкент қаласы әкімінің хабарлауынша 2013 жылдың 11 айында облыс орталығында жиырма екі мыңнан астам жұмыссыз тіркелген, бұл жұмыссыздық деңгейінің 6,6 пайызын құрап отыр. Қалалық жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөліміне 11091, жұмыспен қамту орталығына 9498 адам өтініш білдірген. Осылардың арасынан 17408 азамат жұмыспен қамтылған.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру үшін Шымкент қаласына бюджеттен бөлінген қаржылар мақсатты жұмсалып, жоспарланған жұмыстар жүйелі түрде орындалып келеді. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, бағдарламаны қарапайым жұртшылық арасында кеңінен насихаттауды жүктеді.
Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР