test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Түркістан табиғи газдан тапшылық көрмейді

Түркістан халқы отандық көгілдір отынның рахатын көре бастады. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Индустрияландыру күні» барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаға газ беруге рұқсат етті.
8

«Шымкент-Түркістан арқылы автокөлік дәлізі салынды. Темір жол бар. Енді газ келді. Мұнан артық не істеуіміз керек сіздерге? Жақсылап жұмыс істеңіздер, табысты болыңыздар. Елімізге қызмет етіп, өз жағдайларыңызды, елдің жағдайын ойлайтын болыңыздар. Рұқсат», — деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, таяуда ғана қосылған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы еліміздің оңтүстігіне отандық газ келе бастады. Соның нәтижесінде 200 мыңнан астам халқы, 40 мың тұрғын үйі бар Түркістан қаласы экологиялық отынға қол жеткізіп отыр.

ҚазАқпарат

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР