16-04-2024
17.3 C
Шымкент

Заңсыз дүңгіршектер алынып жатыр

Шымкент қаласында заңсыз сауда орындарымен күрес жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде. Бұл жұмыстар Шымкент қаласы әкімінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі №246 өкіміне сәйкес атқарылады. Осы мақсатта Абай ауданы әкімшілігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Оның құрамында аудан қызметкерлері, салық, жер қатынастары, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, мәдениет, қала құрылысы және сәулет бөлімінің мамандары және Абай аудандық ішкі істер бөлімі өкілдері бар. Осы аптада аудан аумағындағы белгіленбеген орындардағы заңсыз дүңгіршектерді анықтап және оларды заңға сәйкестендіру мақсатында рейдтік  іс-шара ұйымдастырылған болатын. Рейд барысында Асқаров көшесінің бойындағы «Возрождение» әмбебап дүкенінің алдында заңсыз 4 дүңгіршек анықталды. Дүкен басшысымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дүкен алдындағы заңсыз орналасқанын мойындады. «Возрождение» әмбебап дүкенінің алдындағы 4 дүңгіршектер толығымен алынды. Абай аудандық әкімшілігімен бүгінгі күнге дейін 25 дүңгіршек анықталып, рейдтік іс-шара жұмыстары жалғасын табуда.

Жалпы аудан аумағындағы жол бойында, жүргінші жолдарындағы заңсыз сауда орындары толығымен жойылды. Ал қолында ешбір заңды құжаты жоқ болса да, дүңгіршектер орнатып саудасын қыздырып жатқандар көп кездеседі.  Мұндай азаматтарға рейд барысында ескертпе беріліп, белгіленген 7 күн ішінде заңға қайшы келетін әрекеттері қалпына келтірілмесе, ҚР Әкімшілік кодексі бойынша айыппұл салуға мәжбүрміз. Сондықтан тұрғындар қандай да бір әрекет жасауда заңды белден басуға болмайтынын ескерсе екен.

Данабек АПСИКОВ, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР