
«Нәтижесінде 2463 заң бұзушылық анықталып, 563 айыппұл салынды. Алдын алу шараларына қарамастан облыс кәсіпорындарында 101 жазатайым оқиға орын алып, салдарынан 112 адам зардап шекті, 27 адам көз жұмды», — дейді Б. Есқараев. Келтірілген мәліметтерге қарағанда, есепті кезеңде 22 адам тәртіптік жазаға тартылып, құқық қорғау органдарына 77 іс жолданған. Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен өңірдегі 32 нысан пайдалануға өткізіліп, еңбек жағдайлары бойынша 13 нысан аттестациядан өтті.
«Есепті жиын барысында басқарманың 2014 жылға арналған жұмыс жоспары да сараланды. Жиынды қорытқан облыс әкімі А.Мырзахметов еңбек процесін бақылау барысында жүргізілетін мониторингтік тәсілге ерекше назар аударды. Сонымен қатар, нақты міндеттер жүктеп, еңбек инспекциясының арнайы сайтын жасау туралы тапсырма берді», — делінген ОҚО баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Дерек көзі: Қазақпарат