21-09-2021
14.3 C
Шымкент

Көлік қозғалысын реттеуге көмектеседі

Шымкенттегі көлік қозғалысын реттеу мақсатында қала көшелері мен даңғылдардың бойына арнайы жиекбелгілермен биік қоршаулар орнатыла бастады. Бұл өз кезегінде қала жолдарындағы тәртіпсіздікті барынша азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор көмегін тигізіп отыр.  Дорожные-турникеты

Жалпы өткен жылы ата лған жұмысты жүргізу үшін қалалық бюджеттен 210 млн. теңге бөлінген. Осы қаржының есебінен қаладағы Темірлан тас жолы мен Бәйдібек би және Республика даңғылдарына (жалпы ұзындығы 12,4 шақырым) жұмыс жүргізілді. Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің деректеріне сүйенсек, жұмыстар 2013 жылдың желтоқсан айында басталып, бір ай көлемінде жоспар толықтай аяқталған. Нәтижесінде, Республика даңғылына жалпы ұзындығы 2 шақырымды құрайтын сары-қара түсті темір жиекбелгілер қойылыпты. Ал, Темірлан тас жолы мен Бәйдібек би даңғылының (жалпы ұзындығы 10 шақырым) бойына темір қоршаулар орнатылған. Соңғы екі нысандағы аумақта даңғылды екіге бөліп тұрған бөлігіне темір жиекбелгілер қойылып, тиісінше жаяу жүргіншілердің көшені кесіп өтуіне тосқауыл болуда. Сондай-ақ, «Көмешбұлақ» базары маңындағы жер асты жолы мен Гагарин көшесіне дейінгі аумақта да темір қоршаулар «сап түзеп» тұр. Бір атап өтерлігі, мұндай тәжірибе Астана, Алматы қалаларында әлі қолданысқа енгізілмеген көрінеді. Тек Тараз қаласында ғана жүзеге асырылуда екен.

– Атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі де қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалынып жатыр. Біз бұл ретте көлік жүргізушілердің талап-тілегін ескере отырып, жұмыс істедік. Неге десеңіз, түнгі мезгілде немесе жерге тоң қатқанда көлік иелері байқаусызда жол жиегіндегі арық-атыздарға түсіп кетіп жатады. Соның әсерінен түрлі апаттық жағдайлар орын алатыны рас. Бұдан былай жұмыстар аяқталған даңғылдарда арнайы белгілер бірден көзге шалынып, көлік жүргізушілерді қауіп-қатерден сақтайды, – дейді қалалық көлiк және коммуникация секторының меңгерушiсi Қуатжан Жұматаев бізге берген сұхбатында.

Қаладағы жол-көлік қозғалысындағы тәртіпсіздікті тұсаулауда аталған мекеменің басшылығымен бірқатар жұмыстар қолға алына бастапты. Мәселен, өткен 2013 жылы жол қауіпсіздігі бойынша қалада 23 бағдаршам ауыстырылып, 166 дана сандық бағдаршам орнатылған. Бұдан бөлек, қаладағы 110 аумаққа (балабақшалар мен ауруханалардың, мектептердің алдына) жасанды тежеу ( «лежачий полицейский«) қойылып, 51 оң жақ өткел тұрғындардың игілігіне қызмет ете бастады.Қалалық Ішкі істер басқармасы Жол-патрульдік полициясының мәліметтеріне назар салсақ, осындай игі істердің нәтижесінде қаладағы оқыс оқиғалардың көрсеткіші тиісінше азайған.

Қаладағы автокөлік жолдарына жауаптыбірден-бір мекеме ендігі ретте өз міндеттерін үстемелеп, қызу жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек.Нақтырақ айтар болсақ, мамандар ең бірінші кезекте шаһардағы Бауыржан Момышұлы, Тәуке хан даңғылдары мен Ғ.Иляев көшесіндегі жол жиектеріндегі жұмыстарды кезең-кезеңімен атқаруды жоспарлап отыр. Айта кету керек, бұл мақсаттабиыл қала бюджетінен 36 млн. теңге қарастырылған.

Сәбит ТАСТАНБЕК.

Дерек көзі: «Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР