05-09-2021
22.3 C
Шымкент

Оңтүстікте өнім көрсеткіші жоғарылады

Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсiп кәсiпорындарында былтыр 552 млрд. теңгенің өнiмi өндiрiлді. Бұл  — 2012 жылмен  салыстырғанда 55 млрд. теңгеге артық көрсеткіш. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. onimm

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен мәжілісте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын баяндаған болатын. Басқарма басшысының айтуынша, былтыр өңірдегі белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны 125,8 мың бірлікті құрап, 2012 жылдың сәйкес кезеңіне 112,5 пайызға жеткен. Аталмыш салада жұмыспен қамтылғандар саны 279,6 мың адамды құрады.  «Облыс экономикасын дамытуға 415,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш 24,7 пайызға өсті. Шағын кәсіпорындардың инвестициялық салымдары өткен жылдан 20,3 пайызға артық болды. Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 299,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,0 пайызға жетті», — дейді басқарма басшысы.  Бұдан бөлек, есепті кезеңде білім саласында 86 нысанның құрылысы жүргізілген, оның 56-сы облыстық бюджеттен қаржыландырылып, 48 нысан пайдалануға берілді. «Балапан» бағдарламасы бойынша 128 мектепке дейінгі ұйымдар іске қосылған. Нәтижесінде, балабақшалар саны 1128 бірліктен 1256-ға дейін өсіп, жалпы 133 мың бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Мектепке дейінгі ұйымдарға 3-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші  67,2%-ды құрап, меже 2,2%-ға артқан.   Есеп беру жиынын қорытындылаған өңір басшысы А. Мырзахметов бюджетті қалыптастыру мен игеруде аудан, қалалардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтіп, осы салада жұмыс атқаратын қызметкерлердің біліктілігін арттыру керектігіне тоқталды. «Жалпы, 2013 жылды облыс әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша жақсы аяқтады. Бюджеттің көлемі мен игерілуі жөнінен облыс республикада алдыңғы қатарда», — деді әкім.

Дерек көзі: Қазақпарат

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР