17-04-2024
13.3 C
Шымкент

Төлеби ауданында жаңа балабақшалар ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында екі бірдей балабақшаның ашылу салтанаты өтіп, қос елді мекеннің тұрғындарын үлкен қуанышқа бөледі.  Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. balabakwa

Алдымен Қаратөбе елді мекенінде 100 балаға арналған мемлекеттік «Айым» балабақшасы ашылды. Демеушілер есебінен салынған типтік үлгідегі балабақша ғимараты заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда 20 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал Бірінші Мамыр елді мекенінде 75 балаға арналған жекеменшік «Ханшайым» балабақшасы пайдалануға берілді. Бұл ғимарат та бала тәрбиесіне қажетті құрал-жабдықтармен толығымен қамтылып, жаңадан ашылған мекемеде 19 адам жұмысқа орналасты.
«Жалпы, ауданда «Балапан» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, 2012 жылы 24 балабақшада 2405 бала, 38 шағын орталықта 2075 бала, барлығы 4880 бала тәрбиеленуде. 2013 жылы жалпы 36 балабақшада, оның ішінде жаңадан ашылған 3 мемлекеттік, 10 жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында 3655 бала, 37 шағын орталықта 2050 бала, барлығы 5705 бала қамтылып, 65 пайызды құрады», — делінген баспасөз хабарламасында.

Дерек көзі: Қазақпарат

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР