2014 жылдың 10 ақпанынан бастап «Астана-Түркістан» және «Астана-Арыс» қосымша жолаушылар пойыздары жіберіледі, — деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Астана-Түркістан» пойызы Астанадан 22 сағат 22 минутта аттанып, Түркістан стансасына екінші күні 00 сағат 50 минутта жетеді. Түркістаннан 06 сағат 28 минутта шығып, Астанаға келесі күні 11.06-да келеді. «Астана-Арыс» пойызы Астанадан 00 сағат 05 минутта аттанып, Арыс стансасына келесі күні 01 сағат 13 минутта келіп жетеді. Арыс стансасынан 05 сағат 30 минутта шығып, Астанаға келесі күні 07.50-де келеді.