31-03-2022
15.3 C
Шымкент

«Бір мақала — бір сауап»

Таяуда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің үш бағыт бойынша берілген тапсырмасы аясында бірқатар  оңды жұмыстар қолға алына бастады. 

Соның бір көрінісі асыл дінімізді кең көлемде насихаттау мақсатында ү.ж. ақпан-наурыз айларында мешіт имам-молдарылары мен медресе ұстаздары  арасында имандылық бағытта  «Бір мақала — бір сауап» атты мақала жазу акциясын өткізу қолға алынып отыр.

Шара барысында 400-ден астам тақырып іріктеліп алынды. Мақала жазу  кезінде мақалаға қатысты  бірнеше аят, хадистер, ғұламалар пікірлері,  ғибратты оқиғалар,  қазақ данышпандарының  өлең шумақтары мақал-мәтелдер қамтылып, тақырып жан-жақты ашылуы тиіс.

Тұңғыш рет қолға алынып отырған шараға жауапты болып облыс имам орынбасары әрі баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров белгіленді.

Мұнымен қатар, шара соңында көркем әрі үздік жазылған мақалаға ынталандару мақсатында «Облыстық орталық» мешіттің арнайы сый-сияпаты беріледі.

Қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасының ОҚО бойынша баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР