18-09-2021
22.2 C
Шымкент

«Жұмыспен қамту» бағдарламасына халықтың қатысуы төмен

Аудан әкімдері «Жұмыспен қамту» бағдарламасының түпкі мәнін білмейді. Аудан әкімдері «Жұмыспен қамту» бағдарламасының түпкі мәнін білмейді.1020a3f6f3f07d1b3cd25c2a62b02207
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді. Оның атап өтуінше, Үкімет жұмыспен қамту мәселесіне жіті назар аударып отыр. Мәселен, өткен жылы «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасының жол картасы қабылданып, жүзеге асырыла бастады. Ағымдағы жылы оны жүзеге асыруға 98,3 млрд. теңге қаржы бөлінді.  «Жүзеге асыру барысындағы әлсіз тараптың бірі — бұл Жол картасына халықтың белсенді қатысуының төмендігі», — деген Г.Әдіқалықова өткен жылдың қорытындысында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың бағдарламаға тартылу деңгейі небәрі 4-ақ пайыз болғанын баса айтты.  «Жерілікті жерлерде аудан, қала әкімдерінің «Жұмыспен қамтудың жол картасының» нормативтік, құқықтық базасын білмейтіндігі турасында фактілер анықталды. Біз ауыл әкімдерімен ауқымды семинарлар өткіздік, орындарын тұрғызып сауалдар қойдық. Аудан әкімдері көп жағдайда «Жұмыспен қамту жол картасының» мәнін біле бермейді», — деді вице-премьер.
Қазақпарат

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР