test
01-07-2024
28.3 C
Шымкент

Доллардың қымбаттауына сыртқы жағдай себеп болған

Елімізде доллар бағамын өзгертуге сыртқы экономикалық жағдайлар себеп болды. Нақтырақ айтқанда, шетелдердегі қаржылай ахуалдың өзгерісі осындай ұйғарымға келуге мәжбүрледі. Және бұл шешімді қабылдар алдында 6 ай бойы зерттеулер жүргізілген. Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, жаңадан қалыптасқан бағам алдағы бес жылдықта сақталады.  945600437

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:
— Уақыт өте келе валюта саясатына түзетулер жасау керек. Ол экономиканың заңдылығы. Қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан экономикасы үшін мұндай өзгертулер аса қажет. Өйткені, біз әлемдік қаржы жүйесінің бір бөлігіміз. Мысалы, өткен жылы және биыл ең алып АҚШ экономикасына резервтік жүйе арқылы қолдау тоқтатылды, ол әрине барлық әлемдік қаржы нарығына өз әсерін тигізді. Сонымен қатар, жуық арада көптеген дамушы елдерінің қаржы жүйелерінде де өзгерістер болды. Біз арнайы 24 мемлекеттің валюта бағамдарын зерттедік, олардың әлсіреуі байқалды. Оның ішінде Ресей рублі де бар. Осының бәрі біздің экономикаға өзінің айтарлықтай әсерін тигізу мүмкін еді. Сондықтан да Ұлттық банктің тенге бағамының өзгеруіне байланысты шара — бұл экономикалық қиындықтардың алдын алу. 

Дерек көзі: Хабар.кз

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР