03-09-2021
32.3 C
Шымкент

Жаңа жылыжай кешені ашылды

Облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаевтың қатысуымен Сайрам ауданында ЖК «Ф.Ифтихари» жылыжай кешенінің құрылысы жобасының салтанатты ашылу рәсімі болды. жылыжай

Жоба Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған. Жобаның құны 488,9 млн. тг. Аумағы 2 гектар жылыжайда 43 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, жылына 1200 тонна қызанақ өсірілетін болады. Кәсіпорын қыс мезгілінде қызанақ бағасын тұрақты қалпында ұстап тұруға мүмкіндік беріп, өңірдің азық-түліктік қауіпсіздігіне септігін тигізеді. Жоба толығымен «Қазагроқаржы» АҚ тарапынан қаржыландырылып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылған.

Деркк көзі: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР