test
01-07-2024
28.3 C
Шымкент

Әлемді тербеген аналардың мерекесі

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Ана — өмір шуағы» атты мерекелік салтанатты кездесу өтті. аналар

Мерекеге қоғам дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ару аналар мен қыз-келіншекетер жиналды. Жиында сөз сөйлеп, аналарды құттықтаған облыс әкімі 8 наурыз мерекесінің ерекшелігіне тоқталды. — «Бұл − ең алдымен әлемді тербеген, адамзатты шуаққа бөлеген Аналардың мерекесі. Аналарымыздың құдіретіне байланысты тарихымызда да даналық сөздер жеткілікті. Сондықтан болар адам баласына айтылатын үлкен теңеулер алдымен Анаға теңелетіндігі. «Отан – Ана», «Жер – Ана», «Табиғат – Ана» дегендер осының айғағы. Ал адам тіршілігіндегі құндылықтардың Анадан бастау алатындығы – бұл өз алдына жеке тақырып» деді әкім.
Аймақ басшысының айтуынша, облыста 1 млн. 380 мыңға жуық әйел азаматтар өмір сүреді. Бұл тұрғындардың 50,4 пайызын құрайды. Олардың экономикалық тұрғыдан белсенділері 585 мыңнан асады екен. Сондай-ақ, облыста мемлекеттік қызметшілер 8001 адам болса, оның 2901-і яғни 35,6 пайызы әйел азаматтар. Мұның ішінде 62-сі басшылық лауазымдарын иеленген. Қалалық және аудандық мәслихаттардың 16 депутаты әйелдер. Облыс әкімі аппаратының жартысына жуығы әйелдер. Ал, облыс көлемінде тіркелген бес мыңға жуық кіші және орта бизнес кәсіпорындарының жартысынан астамын әйел азаматтар басқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Сөз соңында Асқар Исабекұлы «облысымыздың жеткен жетістіктерінде сіздердің үлестеріңіз үлкен. Еліміз бен өңіріміздің өркендеуіне сіңірген еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз» — деді.

Дерек көзі: Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР