01-09-2021
27.3 C
Шымкент

Оңтүстікте әз Наурыз кең көлемде тойланды

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тоғыз күн тойлауды дәстүрге айналдырған оңтүстікте бүгін мерекелік іс-шара өтті. Шымкент қаласындағы «Наурыз» алаңында әз наурызды тойлауға жиналған жұртшылықты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов құттықтады. nauruz
«Наурыз мерекесі тек ғана табиғаттың түрленетінін ескертіп ғана қоймай, сонымен бірге адамзаттың жан-дүниесін тазартуға шақыратын мереке. Ниетті, пейілді, көңілді тазартуға шықыратын мереке. Әз наурыз ең бірінші кезекте елдің бірлігін нығайтуды мақсат тұтатын мереке. Осыны ескеріп, біз былтырдан бері облысымызда наурыз мерекесін тоғыз күн тойлап, әр бір күнге атау беріп, мейірімділікті, кешірімділікті, бірлік-берекені нығайтуға бағытталан іс-шараларды ұйымдастырып келеміз. Мерекені тоғыз күн тойлауға өзге облыстар да түсіністікпен қарап, басқа өңірлер біздің бастамамызды қолдап, қуаттап отыр. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,! Ақ мол болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, ағайын», − деді Асқар Исабекұлы құттықтау сөзінде.
Мерекелік іс-шара айтыс, күрес, асық ойнау, басқа да мәдени-спорттық жарыстармен жалғасын тапты.

Дерек көзі: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР