04-09-2021
20.3 C
Шымкент

Польшалық дәрігер қайырымдылық операциясын жасады

Оңтүстік Қазақстан облыстық кардиологиялық орталығында Польшадан келген балалар кардиохирургы профессор Марек Витестің қатысуымен жүректің туа біткен кемістігі бар балаларға қайырымдылық кардиохирургиялық операциялары жасалды. Акция «Арулар» қайырымдылық қорының және ОҚО денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өткізілді. operas
Әр жылы облыста жүректің туа біткен кемістігі бар 350-400 бала дүниеге келеді. Оның ішінде 150-ге жуық бала операция жасауды қажет етеді. Жыл сайын облыстық кардиологиялық орталығының балалар кардиохирургиясы бөлімшесінде балаларда кездесетін жүректің туа біткен кемістігі бойынша 180-190 операция жасалады. Операциядан кейінгі өлім 2% құрайды, бұл республикалық және жалпы әлемдік көрсеткіштерден төмен. Облыстық кардиологиялық орталығының базасында балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің ашылуы балалар өлім-жітім деңгейін төмендетуге септігін тигізуде.
Қайырымдылық акциясы шеңберінде Сарыағаш, Созақ аудандары мен Шымкент қаласының тұрғындары, ауыр және құрамдастырылған жүрек ақаулары бар 3 балаға кардиохирургиялық операция жасалды.
Беделді шетелдік және қазақстандық мамандармен бірге осындай қайырымдылық акциялары мен мастер класстардың өткізілуі облыста балалар кардиохирургиясын одан әрі дамытуға ықпал етіп, туа біткен жүрек ақауларынан болатын өлімді азайтуға мүмкіндік береді.

Дерек көзі: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР