Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың саны 170-ке жетті. Бұл туралы облыс әкімдігінде Сенат депутаттарының қатысуымен өтіп жатқан көшпелі отырыста өңір басшысының орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, қазіргі таңда 170 жобаның 153-і іске қосылды. Индустрияландыру картасына енгізілген жобаларға 7 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған.
«Өткен жылы республикада 146 жоба іске қосылған болса, оның 46-сы Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылды. Соңғы екі жылда Қазақстанда 190 жоба мақұлданған болса, оның 60-ы осы өңірде енгізіліп отыр. Қазірдің өзінде аймақта жаңадан 52 жоба ұсынылуда. Оңтүстік Қазақстан облысының тағы бір ерекшелігі, тек қана облыс орталығына шоғырландырмастан, бұл жобалардың 65 пайызы аймақтағы қалалар мен аудандарда іске асырылуда», − дейді облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
Дерек көзі: bnews.kz