08-09-2021
34.3 C
Шымкент

Beeline Қазақстан «Майдандасқа қоңырау соғу» мүмкіндігін сыйға тартады

Beeline Қазақстан дәстүрлі «Майдандасқа қоңырау соқ» қайырымдылық науқанының басталғанын хабарлайды. Ол, Жеңіс күні мерекесіне орай,  2014 жылғы 7 мамыр мен 7 маусым аралығында Қазақстанның барлық облыстарында өтеді.

Бір ай бойы, барлық жердегі Beeline-ның сату және қызмет көрсету ашық кеңселерінде, сондай-ақ, облыс орталықтарындағы қалалық Ардагерлер кеңесінің кеңсесінде компанияның мобильді сөйлесу тіректері ашылады, сол жерлерден ҰОС-ның ардагерлері мен тылдағы еңбекшілер әлемнің кез-келген нүктесіне қоңырау соға алады.

«Жеңістің 69 жылдығын мерекелеуге өз үлесімізді қосу біз үшін үлкен ізет. Жеті жыл бойы, жыл сайын  біз ардагерлерімізге, басқа қалалар мен құрлықтардағы туғандары мен майдандас достарының тамаша дауысын естіп, олармен өткен өмірінің естеліктерін еске алу мүмкіндігін сыйлауға тырысып келеміз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Қорпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь өз пікірін білдірді.

Beeline Қазақстан компаниясы ҰОС-ның ардагерлерін қолдау аясында 2013 жылы 4145 қысқа қайырымдылық нөмірін ашқанын естеріңізге саламыз. Осы нөмірге SMS жолдау арқылы жиналған барлық қаражат, ардагерлерімізге атаулы көмек көрсетуге жұмсалады. Жоба туралы толығырақ www. sovetveteranov.kz сайтында. Бұдан бөлек, Beeline Қазақстан компаниясы – алты жыл бойы, Панфилов дивизиясында болған ардагерлерімізге, өткен жылдан бері «ҰОС ардагерлері, тылдағы еңбекшілер және соғыс балалары кеңесі» ҚҚ-ның жетекшілері мен еріктілеріне тегін ұялы байланыс қызметін көрсетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР