21-09-2021
14.3 C
Шымкент

«Маркетингтің «көкесін» Шымкенттен көресің…»

Қазір әлеуметтік желі әркімнің жанайқайын жеткізетін, қуанышын бөлісетін, әлдебіреуге қажетті көмек қолын созатын, барған-тұрған жерінен хабардар ететін әжептеуір күшке ие құралға айналды.  Мұны әлеуметтік желіні белсенді қолданатындар байқайтын шығар. Әсіресе, еліміздің үшінші қаласы – Шымкентке қатысты алуан пікірлер еріксіз көз қаратады. Оқисың. Ризалықтан «бәрекелді» дейтін, қынжылғандықтан бас шайқайтын пікірлерді кездестіресің. Әсіресе Фейсбук желісінде мұндай жазбалар көп жарияланады. Жуырда, осындай бір жазбаға көзім түсті. sitiiiii

» Шымкент — менің арман қалам, туған қалам. Біреулер үшін қорқынышты, тек қылмыскерлер мен алаяқтар тұратын қала  ретінде елестейтін шығар? Неге? Жақында ғана бір ақпараттық сайтта шымкенттіктер туралы «Шеше қадірін біледі ме?» деген мақала шықты.  Менің ойымша ата-ана қадірін ең жақсы білетін шымкенттіктер деп ойлаймын. Қазақы тәрбиені, тілін,  дәстүрін ұмытпаған. Мәдениет жоқ? Бүкіл театрлар мен әншілердің басым бөлігі Шымкенттен шыққанын  көпшілік біледі. Алаяқтар? Қашан шымкенттік сені алдап кетті? Кейбіреулер түсінбейді екен. Егер кісіге сыпайы сөйлеп тұрсаң, алдап тұр екен деп ойлап тұрады. Иман? Кеңес одағы кезеңінде дінін ұмытпаған оңтүстік халқы әрі қарай да ұстанады деп ойлаймын. Баға? Бұл өте үлкен мәселе. Қаланың өзінде бейресми ақпарат бойынша 1,2 млн халық тұрады. Бәсекелестік жоғары. Өзге қалалардағы сияқты «алсаң ал, алмасаң қой» деген қағиданы ұстанбайды. Маркетингтің «көкесін» Шымкенттен көресің. Сондықтан бізде арзаншылық.  Мысалы мен екі бөлмелі пәтерімді 30 мың теңгеге жалдап тұрамын. Екі бөлмелі кеңсем бар, оған тағы 30 мың теңгені қосыңыз.  Төлемдерді қосқанда шығыным —  75 мың теңге.  Өзбектердің  тандыр наны 35 теңгеден басталады. Сүт пен айранды таңертең айғайлап келетін сатушылардан 200 теңгеге аласың. Кафеге барып 10 адам болып бес мың теңгеге тамақтанып қайта аласың. Мен өзге өңірлерді  жамандағым келіп тұрған жоқ. Бірақ өздері бір «шұқырда»  тұрып, Қазақстанның үшінші  қаласын менсінбегенін көргенде  (өзінің көрсоқырлығынан)  үндемей қала алмадым!»      

  •                    Авторы: Нұрлан Құлымбетов, Шымкент қаласының тұрғыны, «Эйпл-Син» компаниясының басшысы.

 Әлеуметтік желіде әрне жазамын десе де еркі. Біреуі ашумен, енді біреуі мақтанышпен жазылғанын байқайсың. Нағыз пікірталас алаңы ма дерсің? Дегенмен бұл жазбаны 8 адам бөліскен, 150-ге жуық қолданушы ұнатып,  50-ге жуық пікірлер жазылған. Оның ішінде:

Serikkazy Kakybalanov Боқауыз сөйлейтіндер барлық жерде де бар. Бұл жалғыз оңтүстікқазақстандықтарға тəн емес. Шымкент көп жағынан локомотив екенін мойындау керек. Əсіресе еңбекқорлығын.

Amangeldi Kurmetuly Шымкентте екі жыл тұрдым. Қимастық болған қайта көшерде. Жақсы қала. Өңірдің тұрғындарынан үйренер дүние көп. Маған ең ұнаған дүниесі — орыс тілінің қажет болмайтындығы. 

Кайрат Алдабеков Шымкент — это сила! Это Мы кормим и строим Астану! Это наши люди стоят за прилавками всех рынках Казахстана! Это наши »Х-13″ водилы довезут до дома не зная города! Встречай Казахстан мировой блогбастер: «ЛЮДИ — Х: мы рядом!»деген пікірлер көзге шалынады.

Иә, әркім өзінің туған қаласын мақтан тұтады. Патриоты санайды. Әрине, сын-пікірлер қашанда туындайды. Алайда… Шымкент — Қазақстанның үшінші қаласы. Оны мойындауға тиіспіз. Бұл Мемлекет басшысының қатаң тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мәселе. Рухани-мәдени, тарихи құндылықтарға бай, қазақтың салт-дәстүрі сақталған, халқы еңбекқор өлкенің осыншама мүмкіндігін, бөле-жармай, бүтін бір қазақтың қажетіне жарата білсек нұр-үстіне нұр болар, бәлкім!

К.Рахман.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР