05-09-2021
35.3 C
Шымкент

Оқушы полицейлерге көмектесті

Шымкент қаласында полиция қызметкерлеріне қарақшылық шабуыл қылмысын ашуға мектеп оқушысы көмектесті. Бұл үшін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов 13 жастағы мектеп оқушысын грамотамен және 150 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықпен марапаттады. polissss

Қылмыскерлердің ізіне түсуге полиция қызметкерлеріне Жахангір есімді бала көмектескен. Оның полиция қызметкерлеріне түсіндіруі бойынша сол күні таңғы сағат 10.00-ден бастап көшеде ойнап жүріп, үйіне жақын жерде тұрған сұр түсті «Мазда-626» маркалы автокөлігінде отырған жасы 30-35-тер шамасындағы екі азаматты байқағанын айтқан. Сол күні сағат 14.45-тер шамасында бала жоғарыда аталған азаматтардың көшеден автокөлікке қарай жүгіріп келе жатқанын, біреуінің қолында полиэтиленді пакет, ал қасындағысының қолында тапанша барын байқап қалған. Осыдан соң олар автокөлікке мініп, белгісіз бағытқа іздерін суытқан. Бала аталған автокөлікті және күдіктілерді сипаттап берген. Тәртіп сақшылары дерекқордағы мәлімет арқылы 32 жастағы автокөлік иесін анықтағанда, сурет бойынша оқушы күдіктіні таныған. Жедел іздестіру шарасы барысында 1982 жылы туылған жергілікті тұрғын күдікті ретінде құрықталып, оның көлігін тексеру барысында 1 миллион 700 мың теңге көлеміндегі ұрланған ақша табылды.
Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 179-бабы «Қарақшылық» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дерек көзі: Қазақпарат

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР