test
01-07-2024
28.3 C
Шымкент

Құрылыс нысандарына тексеру жүргізілді

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 1102 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бюджеттік нысан 644 болса, коммерциялық ғимараттардың саны 458-ді құрайды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мамандары мәлімдеді. Аталған басқарманың басты міндеті, жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапалы және қауіпсіз болуын бақылау. Бүгінгі таңға 111 бюджеттік және 343 коммерциялық нысан мен 2285 жеке тұрғын үйдің қабылдау актілері рәсімделді. 000

Басқарманың құрылыс инспекторлары тарапынан облыстың аудан, қалаларында құрылысы жүріп жатқан нысандарға 4001 рет тексеру, бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 273 әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде, 49 соттың қарауына жіберу жөнінде хаттама толтырылды. Сонымен қатар, жалпы сомасы 50 млн. теңге болатын 223 нысанға әкімшілік айыппұл салынды.

Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, облыс аумағында заңсыз және мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұзған 196 құрылыс нысанына тексеру тағайындау актілері дайындалып, 106 нысанға әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде соғылып жатқан 30 заңсыз құрылыс нысанын бұзу үшін сотқа жолданды. Бүгінгі күні 5 нысанды бұзуға сот шешімі шықты.

Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына 10 айда лицензия алуға және қайта рәсімдеу бойынша 800-ден астам өтініш келіп түссе, оның 631-і біліктілік талаптарына, құжаттардың толық болмауына байланысты өтініштері кері қайтарылған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР