test
01-07-2024
29.3 C
Шымкент

Сайлау науқаны басталды

Еліміздегі маңызды саяси науқанға қазір қызу дайындық жүріп жатыр. 2016 жылдың 20 наурызына белгіленген сайлауға байланысты еліміздің Орталық сайлау комиссиясы күнтізбелік жоспарын бекітті.vybory_akimov

Сайлау шеңберіндегі шараларға отүстікқазақстандықтар да азаматтық қолдау көрсетіп, белсенділік танытуда. Бүгінде облыс аумағындағы сайлау учаскелері кезектен тыс сайлауға дайын. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев қала әкімдігінде өткен жиында мәлімдеді.

Қаулыға сәйкес, Парламент пен мәслихат депутаттарын сайлау бойынша оған тиісті қадағалау жүргізу міндеті облыстық сайлау комиссияларына жүктеліп отыр. Төрағаның айтуынша, облыс бойынша 1074 сайлау комиссиясы тіркелген. Ал облыс орталығы Шымкентте қала аумағының кеңеюіне байланысты сайлау округі 14-ке жетіп отыр. Қазір өңіріміздегі дауыс беру орындарында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Комиссия төрағасы өз сөзінде кейбір елді мекендердің облыс орталығының аумағына енуіне байланысты өзгерістер болатынын да жеткізді.

Еске сала кетсек, азаматтар өз кандидатураларын 20 қаңтардан бастап 19 ақпанға дейін ұсына алады. Еліміз бойынша мәслихат пен мәжіліске жалпы саны 3,5 мыңдай депутат сайланады деп күтілуде.

 Авторы: С.Тастанбек

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР