test
10-07-2024
33.3 C
Шымкент

Шымкентте гранд балл өтті

Шымкентте «ЭКСПО-2017»  халықаралық көрмесіне арналған бірінші гранд бал өтті. Оған қаламыздан 100 ерікті жас іріктеліп алынды. Халықаралық көрмені насихаттауға арналған кеш «Оңтүстік» қабылдау үйінде ерекше салтанатпен ұйымдастырылды.images

«І Гранд Бал» кешіне зиялы қауым өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Шымкенттік 50 жұп ортада полонез бен Вена вальсін биледі. Қазақстанның эстрада жұлдызы Жанар Дұғалова секілді өзге де әртістер салтанатты кеште өнер көрсетті. Кештен түскен қаражат әлеуметтік жағдайы төмен және балалар үйінде тәрбиеленетін балаларға көмек ретінде жұмсалмақ.

Айта кетейік,  «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы дайындық жұмыстарына 3000 ерікті жасты таңдап алды. Оның 1500 – і Астана қаласынан, ал 1500-і өзге өңірлерден іріктеледі. Шымкент қаласы бойынша еріктілер арасындағы іріктеу кезеңі  19 қарашада өтіп, 100 ерікті жас таңдап алынған еді.  Жалынды жастар Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде  қонақтарға елімізді таныстырып, қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР