09-09-2021
25.3 C
Шымкент

Ирандық инвесторлармен кездесті

Облыс әкімі Б.Атамқұлов ирандық «Jahade Sabz» компаниясының басшылығын қабылдады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Өңір басшысы қонақтарды 20160307053216блыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, өңірдің жоғары өндірістік-экономикалық әлеуеті жөнінде сөз қозғады», делінген хабарламада.

Әкім Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының басты бағыты ауыл шаруашылығы болып табылатынын атап өтті. Кездесу барысында суармалы жерлерді игеру, сондай-ақ, алма бауларын отырғызу, дәнді және майлы дақылдар егу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде шетелдік қонақтар техникалық сала, егіншілік және сауда-саттық салаларында мол тәжірибесі бар екендігін алға тартты. Бұл ретте облыс әкімі құзырлы органдарға ирандық компанияның жобаларын іске асыру барысында жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР