05-09-2021
29.3 C
Шымкент

Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды

«Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылсын», — делінген Ақорданың сайтында жарияланған Жарлықта. 953d4b85-cc6d-4d92-ade9-fedf19d665e1

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысы активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды. Шымкентте облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Б. Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс әкімі қызметіне Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді.

Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады. Облыс активінің алдында сөйлеген сөзінде Б.Сағынтаев бұрынғы әкім Б.Атамқұловқа атқарған қызметі үшін алғысын айтты.

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев – 1958 жылы дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін тәмәмдаған. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінде бастаған.

Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде, Президенттің Протоколы қызметінде жауапты қызметтер атқарған.

Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулы, Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Протоколының бастығы.

2006 жылы ақпанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2007 жылы қаңтарда айынан Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі болып тағайындалды.

2010 жылы қазанда – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2011 жылы наурызда Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР