09-04-2022
15.3 C
Шымкент

Мотошеру «ЭКСПО -2017» көрмесіне арналды

ОҚО-да көрші елдерден келген байкерлер бас қосты. Олар кезекті маусымды мотошерумен бастады.  Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен келген автошабандоздар бұл шараны  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арнады. Байкерлер Шымкент көшелерін аралап, «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттады. Сондай-ақ №3 жетім балалар үйіне барып, қайырымдылық шарасына қатысты.

Оңтүстік Қазақстан байкерлер федерациясының президенті Рүстем Базарбековтің айтуынша, 29 мамырда оңтүстікқазақстандық 10 байкер республикалық мотошеру ұйымдастырмақ. Шымкенттен бастау алатын іс-шараның мақсаты – ЭКСПО көрмесін республика жұртына кеңінен насихаттау. Бұл идеяға облыс әкімдігі қолдау білдіріп отыр.

– Автошабандоздар шеруді рухани астана Түркістан қаласынан бастайды. Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Көкшетау қалалары арқылы елордада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына дөп түседі, – дейді Оңтүстік Қазастан облыстық мотоциклистер федерациясының президенті Рүстем Базарбеков.

Айта кетейік, Оңтүстікте байкерлердің саны 300-ге жуық. Олар жыл сайын қаламыздағы қоғамдық іс-шараларға қатысып, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына атсалысып келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР